Жан Ахмадиев: Қазақстандық әншілер тойда өнер көрсеткенінің ақысы ретінде қойды да қабылдайды
Қазақ әншілері тойларда өнер көрсеткені үшін қомақты қаржы алатыны жасырын емес. Ал кейде той иелерінің әртістерге төлеуге ақшасы жетпей қалатын кездері болады. Мұндай жағдайда өнерпаздармен қорадағы малмен есеп айырысып жатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осындай қызық оқиғалардың бірімен әнші және сазгер Жан Ахмадиев бөлісті. Оның айтуынша, той ұйымдастырушылардың мейрамханаға ақшасы жетпегендіктен, олар әртіспен қоймен есептескен.
"Бір аптадан кейін үйіме үш басты малды алып келіп берді. Мен де оларға түсіністікпен қарадым. Барлығымыз адамбыз ғой. Өмірде әртүрлі жағдайлар орын алып тұрады", – дейді әнші.
"Шамшырақ" тобының жігіттері дәл осындай жағдайға тап болған.
"Осыдан 4 жыл бұрын бізге ақшаның орнына мал берді. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Қазақтар әрқашан тойды шашылып өткізетін, сондықтан біз де төрт бас малды еш қиындықсыз қабылдадық", – дейді топ мүшелерінің бірі.
Жігіттер мойындағандай, бұл оқиға Алматы облысының Кеген ауданында болған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған