Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел алимент төлеуден жалтарғаны үшін түрмеге қамалды

Қостанай облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды, деп мәлімдеді Қостанай облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының баспасөз қызметі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Борышкер И. есімді азаматша 1977 жылы туылған, Қостанай облысы Жітіқар қаласында тұрады. Өз балаларына 2018 жылдан бастап берешек және сол уақыттан бері алимент төлемеген. Қарыздың көлемі бүгінде 3 223 000 теңгені құрайды. Борышкерді жеке сот орындаушысы үш рет жұмысқа орналастырған, алайда ол бір ай жұмыс істеп, қарызды ішінара төлей отырып, жұмыстан шығып кетіп отырған. Яғни ол сот шешімін мүлде орындағысы келмеген", - деді Қостанай облысы бойынша ХҚО Өңірлік палатасының басшысы Несібелі Басенова.

Сондай-ақ, борышкер бұған дейін екі рет 2019-2020 жылдары қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның бостандығы шектелген.



"Бұл аталған борышкерге қатысты қозғалған үшінші қылмыстық іс. Бірнеше сағат бұрын соттың үкімі шығып, ол алимент төлемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырылды. Әйел сот залында ұсталып, қамауға алынды", - деп түйіндеді Несібелі Басенова.

Айта кетейік, борышкер И. бұған дейін алты рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Қостанай облысында қазіргі таңда 160 мыңға жуық алимент өндіру ісі қаралуда.

Талқылау