Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы шетелдік кәсіпорындар қызметкерлеріне орташа айлықтан екі есе көп төлейді

Елдегі шетелдік кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы Қазақстан экономикасы бойынша орташа деңгейден екі есе жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

2023 жылы шетелдіктерге тиесілі кәсіпорындардағы орташа жалақы барлық жекеменшік компанияларға қарағанда 1,7 есеге жоғары болды. Басқалар 364,3 мың теңге айлық берсе, шетелдік компаниялардағы жалақы мөлшері 604,1 мың теңгеге тең. 

Алайда шетеліктер тау-кен саласында қызмет ететін жұмысшылардың айлығын орташа деңгейден небәрі 14% көтерген. Яғни 771 мың теңге емес, 877 мың теңге жалақы төлейді. 



Мұнда IT саласындағы қызметкерлердің айлығы ең жоғары. Қарапайым жекеменшік компаниялардағы мамандар 857,1 мың теңге жалақы алса, шетелдік компаниялар қызметкерлерінің еңбегін 1,35 миллион теңгеге бағалайды. Бұл 58% жоғары деген сөз. 

Айлықтағы айырмашылық ағартушылық салада айқын байқалады. Қазақстандағы шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы орташа деңгейден 3,2 есеге жоғары. 316,5 мың теңгеге емес, 1 миллион теңге жалақы алады. Десе де көп айлық алатын мұғалімдер тым аз. Мұндай еңбекақыны 706,3 мың адамның 15-і ғана алады.

Бұған дейін шілде басталғаны 3 300 қазақстандықтың айлығы 100% өскен еді. 

Талқылау