Қазақстандағы қызылша ауруы: Мерекелік іс шараларды өткізуге шектеу қойыла ма
Қазақстан мектептері мен балабақшаларында жаңа жылдық шаралар өтуде. Оған балалар да, ересектер де белсенді түрде араласуда. Дегенмен елде қызылша мен Жіті респираторлық вирустық инфекцияның кең таралуына байланысты жағдай тұрақсыз болып отыр. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен оқу-ағарту министрлігі бұқаралық іс-шараларға шектеулер мен тыйымдар енгізілмейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: krasivoe-foto.ru
Бұл ретте қызылша ауруы тіркелген сыныптар мен топтарға ғана мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
"Ешқандай шектеулер болмайды. Жеке жағдайларға байланысты әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен ғана тыйым салынуы мүмкін", – деді оқу-ағарту министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдасқан топта қызылша ауруын тіркеу кезінде эпидемияға қарсы шараларды еске салды:
- Науқаспен байланыста болған адамдар шеңбері құрылады;
- Ауру ошағында аурудың соңғы жағдайы анықталған кезден бастап 21 күн ішінде медициналық тексеру жүргізіледі және байланыста болғандарға медициналық бақылау орнатылады;
- Қызылшаға қарсы иммундау эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ауру анықталған кезден бастап 72 сағат ішінде жүргізіледі;
- Егер олар вакцинациядан бас тартса, байланыста болған адамдар 21 күнге мекемеге бармауы тиіс.
Ведомство вакцинацияның инфекциямен күресудің шешуші, қолжетімді және тиімді әдісі екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Желтоқсан айының ортасында Қазақстанда қызылшаның 22 мың жағдайы тіркелсе, оның 17 мыңнан астамы балалар арасында екені хабарланды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды