Елімізде қылмыс көп жасалатын қала анықталды
Бас прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қылмыс деңгейі жоғары өңірлерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Бас прокуратураның мәліметінше, ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.
“Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% – ұрлық (30 593), 6,3% – есірткі қылмысы (8 363), 1,2% – тонау (1 551), 1,2% – бұзақылық (1 615), 0,8 % – мал ұрлығы (1 051), 0,4% – адам өлтіру (566), 0,3% - зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462). Онша ауыр емес қылмыстар – 7,6% (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8% (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр – 2,2% (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ұрлық – 28,3% (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 30,9% (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы – 33,5% (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы – 42,2% (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді. Атап айтқанда, мал ұрлығы да 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды.
2024 жылы өңірлер бойынша Астана ең көп қылмыс жасалған қала болды. 10 мың адамға шаққанда 156,9 құқық бұзушылық тіркелді. Екінші орында Алматы, алғашқы үштікке Атырау облысы ілінді.
Қылмыс деңгейі Маңғыстау облысында 12,2% (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5% (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6% (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6% (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8% (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6% (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін өскен.