85 жастағы кейуана Қазақстандағы ең тәртіпті жүргізуші болып шықты
Қазақстандағы ең тәртіпті жүргізуші Жамбыл облысының тұрғыны болды. Лидия Сидоренко - 85 жаста, оның 60-тан астам жылын көлік жүргізумен өткізген. Осы уақыт ішінде ол жол қозғалысы ережелерін бұзбаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Лидия Сидоренконың 4 көлігі болған: "Москвич", "Шестерка" және "Волга". Қазір "Волга" маркалы автокөлік айдап жүр. Автокөлікті үлгілі жүргізгені үшін Лидия облыстың бас полиция қызметкерінің алғыс хатымен марапатталды. Автокөлік әуесқойы үшін арнайы ретро-машиналардың көрмесі де ұйымдастырылды.
"Заңдарыңыз бен жол ережелерін сақтағаныңыз үшін сізге ризашылығымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық, жаңа табыстар, жаңа жетістіктер тілейміз. Сіздің темір машинаңыз, темір досыңыз істен шықпасын", - деді Жамбыл облысы ПД бастығы Жанат Сүлейменов.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"