Сәбилердің өлімі ең көп тіркелген ел – Ауғанстан, ең азы – Сингапур: Елімізде нәресте өлімінің деңгейі қандай
АҚШ-тың орталық барлау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы дүниежүзілік нәресте өлімінің деңгейі 1000 балаға шаққанда – 28 өлім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Нәресте өлімінің көрсеткіші сол кезеңдегі 1000 нәрестеге шаққанда бір жасқа дейінгі шетінеп кеткен нәрестелердің санын көрсетеді.
2023 жылы нәресте өлімінің ең жоғары көрсеткіші Ауғанстанда байқалды, 1000 нәрестеге шаққанда 103,1 өлім. Елдегі ондаған жылға жалғасқан қақтығыстар, 2021 жылғы азық-түлік дағдарысы жағдайды нашарлатты.
Нәресте өлімінің көрсеткіші бойынша келесі орында Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері – Сомали (85,1), Орталық Африка Республикасы (81,7), Экваторлық Гвинея (77,9), Сьерра-Леоне (72,3), Нигер (65,5) ), Чад (64), Оңтүстік Судан (61,6), Мозамбик (59,8), Конго (59,1) және т.б.
2023 жылы нәресте өлімінің ең төменгі көрсеткіштері Словенияда (1000 балаға 1,5), Сингапурда (1,5), Исландияда (1,6), Норвегияда (1,8), Монакода (1,8) және Жапонияда (1,9) тіркелді.
Айта кетейік, Беларусь те нәресте өлімі ең төмен елдердің қатарында, 1000 балаға 2,1 өлімнен.
ЕАЭО-ның арасында нәресте өлімінің төмен деңгейі Ресейде (6,6) және Қазақстанда (8,1) байқалды. Арменияда бұл көрсеткіш 11,9 болды.
Орталық Азия елдерінде жағдай нашар. Түркіменстанда нәресте өлімі орташа әлемдік деңгейден жоғары, 1000 балаға шаққанда 36,7. Одан кейін Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда 25,1, 23,1 және 18,9-дан келеді.
Қазақстан ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылы нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 сәбиге шаққанда 7,67. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 7,68 болған.
Балалар өлімі ауылдық жерлерде қаладан қарағанда жоғары. Ауылда – 8,37, қалада – 7,18. 2008-2015 жылдар аралығында, сондай-ақ 2019, 2020 және 2021 жылдары қалаларда нәресте өлімі жоғары болған.
Ұлдар арасында нәресте өлімінің көрсеткіші жоғары, бұл жағдай 2008 жылдан бері байқалып жатыр. Жаһандық көрсеткіш бойынша да солай. Қазақстанда 2023 жылы ұлдар арасында өлім көрсеткіші 1000 сәбиге шаққанда 8,54, ал қыздар арасында 6,74 болды.
Биыл сәби өлімінің көрсеткіші өсіп, қаңтар-наурыз айларында 1000 балаға шаққанда 8,51-ге жетті. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 7,78 болған.
Ең жоғары көрсеткіштер Қостанай (1000 сәбиге 13,78), Павлодар (12,03) және Ақтөбе (11,59) облыстарында белгіленді.
Ұлытау облысында қаңтар-наурызда 1000 сәбиге 11,58, онда 2024 жылдың төрт айында 12, ал өткен жылдың төрт айында 18 нәресте шетінеп кеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаңа туған нәрестелер өлімін аурудың көп болуымен, ауруханаға кеш жатқызылуымен, сондай-ақ кадр тапшылығы және материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігімен байланыстырды.
2024 жылдың қаңтар-наурызында нәресте өлімінің ең төмен деңгейі Астанада (1000 балаға 6,05), Қарағанды облысында (6,38) және Алматыда (6,58) байқалды.