Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі: Нұрбанк-тің рөлі мен қолдауы
Әйелдер кәсіпкерлігі арулар қауымы үшін өзін-өзі дамыту құралдарының бірі болып отыр. Өз кәсібін дамыта отырып, әйелдер өздерінің қабілеттері мен ұмтылыстарына қарай қадам басады, қоғам шаруасына араласады, сенімділігін арттырып қаржылық жағдайын жақсартады. Дәстүрлі түрде банктік кредит өнімдері бизнесті дамытуға көмектеседі. Екінші деңгейлі банктер әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландырудың арнайы бағдарламаларын ұсынады.
"Еліміздің экономикалық дамуында әйелдердің алатын орны зор, бүгінде олардың ЖІӨ қалыптастырудағы үлесі 40 пайызға жетіп отыр, мен бұл көрсеткіш өсетініне сенімдімін", – дейді "Нұрбанк" АҚ Басқармасының төрайымы Гульнара Мусатаева.
Нұрбанк-те ШОБ кредит қоржынындағы кәсіпкер әйелдердің үлесі 46,66%, ал жасалған кредиттік келісімдер саны бойынша ШОБ сегментінде 45,94%. "Нұрбанк" АҚ қызмет көрсететін 11 482 жеке кәсіпкердің 4 466-сы немесе 39 пайызға жуығы кәсіпкер әйелдер. Қазіргі таңда Нұрбанк кредиттеу географиясын кеңейтіп, шағын және орта бизнеспен айналысатын әйелдерді белсенді түрде қаржыландыруда. Бір қызығы, банк шағын және орта бизнесті дамыту үшін көптеген кредиттер береді. Банктер үшін кәсіпкер әйелдер - әрдайым тартымды клиенттер. Олар қаржылық мәселелерде анағұрлым жауапты әрі прагматикалық және бизнесті дамытуда жоғары тәуекелдерді болдырмауға тырысады.
Нұрбанк-тен алатын іскер әйелдердің орташа жасы 46 бұл олардың кәсіпкер ретінде таңдаған жолын сезінетінін, ал кредиттің орташа сомасы шамамен 33,8 миллион теңге екенін атап өтті.
"Көбінесе әйелдер классикалық банктік өнімдер мен қызметтерді пайдаланады: депозиттер, кредиттер, жеке кәсіпкерлік шоттары және карталық шоттар. Өз ісін бастаған әйелдер балабақша, сұлулық салондары ашуға, жартылай фабрикаттардың өндірісін ұйымдастыруға, киім тігуге, полиграфияға, тамақ дайындауға және т.б. үшін кредит алады.Өтініштердің басым бөлігі Алматы, Шымкент, Астана сияқты ірі сауда қалаларынан келеді. Бұл қалаларда әйелдердің кәсіпкерлігі белсенді түрде дамып келеді", - деп атап өтті Нұрбанк-тің баспасөз қызметі.
Нұрбанк және кәсіпкер әйелдер оқиғасы
Кез келген статистикадан гөрі, Нұрбанк пен кәсіпкер әйелдер арасындағы оң ынтымақтастықтың оң нәтижесін жарқын оқиғалар дәлелдейді. “NURBERGEN Health Resort” сауықтыру кешенінің негізін қалаушы Аина Баемированың айтуынша, шипажай 2022 жылы Нұрбанк-тен кредит желісін ашқан. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін "Даму" қоры субсидиялаған. Медициналық мекеме Орал қаласынан 45 шақырым жерде, Жайық өзенінің ең көрікті жағалауларының бірінде орналасқан. Шипажай кешенді қалпына келтіру емін ұсынады: парафиндік-озокеритпен, физиотерапиялық процедуралар және табиғаттың емдік қасиеттеріне негізделген массаж - минералды сулар мен емдік балшық емдеу.
"Шипажайды дамыту – біздің отбасылық шаруамыз, мен әкемнің ісін жалғастырдым”
Кредит бизнесті кеңейту қонақүй салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін алынды. Аина Баемированың айтуынша, шипажай қызметіне сұраныс өте жылдам өсіп келеді.
"Нұрбанк-пен ынтымақтасудың және бірлескен күш-жігердің арқасында бүгінде санаторийіміз бөлмелердің жабдықталуы, жайлылық, қызмет көрсету түрлері мен қолайлы тарифтер сияқты критерийлер бойынша Қазақстан бойынша 8, Батыс Қазақстан облысында 1-орында тұр", - дейді Аина Баемирова.
Шымкенттік жеке кәсіпкер Меруерт Тұрарова құрылыс техникасымен айналысады. Шымкентте құрылыс қарқыны қарқынды дамып, құрылыс техникасына сұраныс артып келеді. Жеті жыл бұрын дәл осы "әйел адамға жат" салада кәсіпкер бизнестің әлеуетін көрді. Бүгінде оның бизнесі құрылыс техникасының лизингімен байланысты.
"2022 жылы мен Нұрбанк-ке телескоптық жүк тиегіш пен телескоптық экскаватор сатып алу үшін қаржыландыруға өтініш бердім. Банкпен ынтымақтастыққа көңілім толады. Жоспарларым көлік паркін кеңейтуге байланысты, мен Нұрбанк-ке қаржыландыру алуға қайтадан өтініш беруді жоспарлап отырмын", - дейді Меруерт Тұрарова.
Астаналық жеке кәсіпкер Мадина Джапарова бала кезінен ас даярлауды ұнататынын, кәсіппен айналысуды армандағанын айтады.
"Сондықтан да тамақ даярлауды және жеткізуді таңдағаным таңғаларлық жайт емес. Мен өз ісімді 2018 жылы сауда орталығында шағын бутикті жалға алу арқылы бастадым, онда мен кондитерлік өнімдер саттым. Карантинге байланысты сауда орталығы жабылды, бутик жұмысы тоқтап қалды, көп ұзамай бастаған ісімді жабуға тура келді. Сол кезде жартылай дайын өнімдерді жасауды бастау идеясы келді. Кейіннен негізгі мәзірге "ыстық комбо" мен "шай жиынтықтары мен ыстық тоқаштарды" қостым. Осылайша, компания бірте-бірте тағамдарды үйдегідей даярлау және жеткізу сервисін ұсынатын айналды", - дейді ол.
Мадина Джапарова өзінің табыс тарихын айтып береді
2024 жылдың жазында ол бизнесті дамытуда жаңа қадам жасады. Нұрбанк-тен алған кредит пен "Даму" қоры бағдарламасының арқасында жеке кондитерлік цех ашу үшін жаңа үй-жайлар мен заманауи жабдықтар сатып алды. Кредит сомасы 87 млн теңге болды.
"Біз ассортиментті кеңейту бойынша үнемі жұмыс істеп жатырмыз, біздің комбо жиынтықтарымыз шаңырақ иелеріне артық әуре-сарсаңсыз мол әрі дәмді дастархан жаюға көмектеседі", - дейді Мадина Джапарова.
Талдықорғандық кәсіпкер Мадина Ногайбекова қалада мейрамхана бизнесін дамытуда.
"MARMAR мейрамханасы корпоративтік іс-шаралар, тойлар мен мерекелік шараларды өткізуге тамаша орын. Келушілер оны керемет интерьерімен, алуан түрлі ас мәзірімен, 400 орындық кең залымен, жоғары сапалы дыбыс және бейне жабдықтарымен бағалайды. Нұрбанк кредитінің арқасында арманыма жетіп, мейрамхана сатып алдым", - дейді Мадина Ногайбекова.
Көріп отырғаныңыздай, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – Нұрбанк жұмысының басым бағыттарының бірі. Банк клиенттердің сұранысын орындауға тырысады және кәсіпкер әйелдер үшін кредит өнімдерін икемді және ыңғайлы етеді. Банк әйелдер бизнесін қаржыландыруға бағытталған "Бизнес Ханым" бағдарламасын іске қосты. Кредит айналым қаражатын толықтыру және инвестициялау мақсатында беріледі; кредит сомасы 100 млн теңгеге дейін жетеді.
"Қаржы ресурстарына қол жеткізе алу мүмкіндігі кәсіпкер әйелдерге өз жобаларын батыл түрде кеңейтуге, бизнесін нығайтуға және бүкіл ел бойынша жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз",- дейді Гульнара Мусатаева.
Әйелдер бизнесін кредиттеуді екінші деңгейлі банктердің дамуының негізгі бағыттарының бірі деп атауға болады, осы ретте Нұрбанк-тің алар орны бөлек.
"Нұрбанк" АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы 3 ақпанда берген №1.2.15/193 лицензиясы негізінде қызмет атқарады.
Жарнама құқығында