Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ақылы жолдарға арналған абонементтердің бағасы қанша

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол пайдаланушыларға ақылы жолдармен жүруге айлық және жылдық абонементтің бағасы мен оларды қалай рәсімдеудің жолын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com

Ақылы жолдарға арналған айлық немесе жылдық абонеметтерді алу үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері Ішкі істер министрлігінің деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.

Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беру керек.

Абонементтердің құны:

1. Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):

  • Жеңіл көліктерге қарастырылмаған;
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 2 АЕК (7864 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін  – 4 АЕК (15 728 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопойыздар үшін – 6 АЕК (23 592 теңге);
  • Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 8 АЕК (31 456 теңге);
  • Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін  – 10 АЕК (39 320 теңге). 

2. Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

  • Жеңіл көліктерге – 1 АЕК (3932 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 20 АЕК (78 640 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін  – 40 АЕК (157 280 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопойыздар үшін – 60 АЕК (235 920 теңге);
  • Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 80 АЕК (314 560 теңге);
  • Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін  – 100 АЕК (393 200 теңге). 

Абонементті рәсімдеу жолдары:

1. 1403 байланыс орталығы арқылы
 – Таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.

2. Кaztoll.kz сайты арқылы
 – Кaztoll.kz сайтына тіркелу;
 – Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;
 – "Абонементті рәсімдеу" бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).

3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиенттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО)
 – АТП немесе КЖО операторларына хабарласу
 – Абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).

Абонементті рәсімдеу арқылы ақшаңызды және уақытыңызды үнемдеуге болады.

Талқылау