Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу қызметін уақытша тоқтату мерзімі өзгерді
Елімізде жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу қызметі бойынша тіркеуді тоқтату мерзімі өзгертілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы жылжымайтын мүлік желісі бойынша жүргізілетін жұмыстар мерзімін қысқартты. Дерекке сүйенсек, сату-сатып алу қызметін тоқтату мамыр айына жоспарланып отыр.
"Азаматтарға қолайлы болуы үшін өтінімдерді қабылдау тек 5-9 мамыр аралығында ғана тоқтатылады. 5-мамыр жұмыс күніне, ал қалған күндер мереке күнідеріне келіп түседі. Осылайша, "Жылжымайтын мүлік тізілімі" дерекқорынан ЖМБМК-ға көшу жұмыстары халыққа қолайсыздық туғызбай жүргізіледі", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Еске салайық, бұған дейін елімізде 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында ХҚКО кейбір қызметтерді тоқтататынын жазған едік.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"
