Қазақстанда жазғы және қысқы уақытқа көшу мәселесі үш жылдан кейін қаралады
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәжіліс отырысында жазғы және қысқы уақытқа көшу мәселесі тек үш жылдан кейін қаралатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Министрдің сөзінше, уақытты өзгерту мәселесі шынымен де қоғамда көп талқыланып жатыр, алайда тек арада уақыт өткен соң оның әсерін білу мүмкін болмақ.
“Өтініштің нәтижесін білесіздер. Қысқы және жазғы уақытқа көшу бұрын қолданылған. Қазір Украинада да осыған ұқсас мәселе талқыланып жатыр, олар ауысудан бас тартпақ. Депутаттың ұсынысы назар аударуға тұрарлық нәрсе. Алайда өтініштің қорытындысы бойынша комиссияоны толық талдап, ғылыми қорытындыны ресімдеу үшін уақыт қажет деп шешті”, – деді Шаққалиев.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі үш жыл ішінде қосымша зерттеулер жүргізеді.
"Денсаулық сақтау министрлігі алдағы 3 жылда жағымсыз әсерді анықтау үшін зерттеу жүргізеді, өйткені оның оң әсері туралы көптен бері айтып келеміз", – деп қосты министр.
Журналистердің бірі кеш батқанда адамдардың өз қауіпсіздігі үшін қорқу себебі жеткіліксіз бе деген сауал қойды. Бұған министр уақытты өзгерту туралы шешім ғылыми деректер негізінде қабылданады деп жауап берді.
"Бұл – сіздің немесе менің жеке қалауым, үйренісіп қалған әдетім бойынша қабылданатын нәрсе емес. Кейбір адамдар түнгі екіге дейін жүргенді ұнатады, олар үшін күн қысқа, ал біреу ерте ұйықтап, ерте тұрады. Бұл жерде біз адамдардың әдеттері емес, денсаулыққа әсері туралы айтып отырмыз", – деді сауда министрі.
Министрдің сөзінше, бұл ғалымдардың пікіріне байланысты анықталады.
"Уақытты өзгертудің зияны туралы дәлел жоқ. Шешім қабылданғанға дейін барлық дәлелдер берілді. Қалай ойлайсыздар, біз шешімді аспанға қарап шеше саламыз ба? Онда тұтас комиссия, ғалымдар жұмыс істейді. Олар жан-жақты қарады. Бұл – сауда вице-министрінің емес, жұмыс тобының алқалы шешімі болды. Сондықтан үш жылдың ішінде зерттеу жасап, зияны бар ма, жоқ па, көрсетеміз дедік” – деді Арман Шаққалиев.
Еске салсақ, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев “Бұрынғы уақыт белдеуін қайтару" петициясын қабылдамаған еді.