Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жанармайдың шекті бағасы бекітілді

Энергетика министрлігінің "Мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы", сондай-ақ "Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрықтары күшіне еніп, елдегі жанармай бағасының шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бензин

Бұйрықтарға сәйкес Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңге. Қазақстанның басқа облыстарында бағалар бұрынғы 1 литрі үшін 182 теңге деңгейінде сақталады. Екі облыста бағаны түзету бөлшек-сауда сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығынан логистикалық шығындармен байланысты.

"Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды, өйткені Аи-95 және одан жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағаларымен және валюта бағамдарымен байланысты", – делінген министрлік ұсынған хабарламада.

Бұйрыққа сәйкес дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалып отыр: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша. 
Сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды, ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге.

Бұйрық 180 күнге жарамды. 

Талқылау