Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылды
Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" үкіметтің 2024 жылғы 20 мамырдағы қаулысына қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Полиция департаментінің бөлімшелері Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында құрылды.
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Мақаншы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Жаңасемей ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының Полиция департаментінің емханасы бар госпиталь" мемлекеттік мекемесі.
Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны анықталды.
Айта кетейік, қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Еске салайық, 9 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына енгізілгенін жаздық.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген