Қазақстанда жаңа оқу жылында 4 миллионға жуық бала мектепке барады
Қазақстанда жаңа оқу жылының қалай басталатыны және 1 қыркүйекте қанша бала мектепте отыратыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: czentrobrazovaniya
Үкіметтің мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады. Оның ішінде 352 мың оқушы бірінші сыныпқа бараады.
"1 қыркүйекте күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп қайта ашылады. Жаңғыртылғаннан кейін тағы 1000-ға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі есігін айқара ашады", – делінген хабарламада.
1,7 миллион оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушыға оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетілді.
Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтетінін мәлімдеген еді.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”