Қазақстанда жаңа ЭЦҚ пайда болады
Процестерді оңтайландыру және ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану рәсімін оңайлату үшін жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік стандарт алгоритмінде бір кілт беріледі. Ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Негізгі өзгерістер мынадай:
- бір кілт: растау мен қол қоюға арналған екі кілттің орнына енді біреуі ғана шығарылады.
- ескі ЭЦҚ қолдану мерзімі: ГОСТ 2015 алгоритміне көшкенге дейін бұрын шығарылған барлық ЭЦҚ қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
- жаңарту жеңіл: ГОСТ 2015 жаңа стандартын мобильді қосымша арқылы пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасын жаңартсаңыз болғаны.
Сондай-ақ, қолжетімді тізімнен "қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер" және "кадр бөлімінің қызметкері" сияқты заңды тұлғалардың пайдалануына арналған қажет емес шаблондар алынып тасталды.
Айта кетейік, 30 сәуірде Қазақстанда криптографиялық стандартқа көшу жүзеге асырылды. Соған сәйкес электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгерді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"