Қазақстанда жаңа 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты
Қазақстанда жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: nationalbank.kz
Қазақстан ұлттық банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды.
“Бұл – "Сақ стилі" жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделген”, – делінген ұлттық банк хабарламасында.
Фото: nationalbank.kz
Сонымен қатар, ұлттық банк ескі 5 000 теңгелік банкноталардың айналымнан алынатынын атап өтті.
“Номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноталар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енеді және жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноталарымен ауыстырылады”, – делінген хабарламада.