AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 процентке индексацияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында журналистер министрден нақты қандай жәрдемақы түрлері индексацияланатынын сұрады. 

"Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 процентке индексацияланады", –  деп жауап берді Қуантыров.

Министр индексация қашан жасалатынын да нақтылады.

"Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент "республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады", – деді ол.

Министрдің айтуынша, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы өседі.

Бұған дейін үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10%-ға дейін көтерілді.

Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр