Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
2022 жылы запастағы 190 офицер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. Үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын", – делінген құжатта.
Әскери қызметке барлығы 190 запастағы офицер шақырылады.
Қазақстанның Қарулы күштеріне 150, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақыру жоспарланып отыр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған