Қазақстанда заңсыз несие алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік алып тасталмақ
Қазақстанда заңсыз несие алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік жойылуы мүмкін. Мәжілісте экономикалық құқықбұзушылықты қылмыссыздандыру туралы заң жобасына енгізілген түзетулер таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілісмен Абзал Құспанның айтуынша, құжат экономикалық қылмыстың екі түрі үшін қылмыстық жауапкершілікті толығымен алып тастауды ұсынады.
Бұл – қылмыстық кодекстің 219-бабы “Несиені заңсыз алу немесе бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану”. Бапты қылмыстан айырып, 189 немесе 190-баптар бойынша квалификациялау мүмкін. Сонда ол ұрлық немесе алаяқтық болып саналады. Осыған ұқсас әрекет үшін жауаптылық 233-бапта көзделген. Бұл – заңнаманы бұза отырып, қарыз алу немесе пайдалану”, – деді парламент мәжілісінің депутат Абзал Құспан.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі