Қазақстанда ұсақ заң бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстар жазасы қолданылауы мүмкін
Елімізде кішігірім әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің Ашық НҚА порталында жариялаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізу тұжырымдамасында айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәжбүрлі еңбекті қолдану мүмкіндігін енгізу қарастырылған. Бүгінде мәжбүрлі еңбек, яғни қоғамдық жұмыстар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза ретінде қолданылады. Алайда халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін де қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты ӘҚБтК-нің санкцияларын қайта қарау жұмыстарын жүргізу қажет", – делінген жоба тұжырымдамасында.
Заң жобасының тұжырымдамасын қоғамдық талқылау 2022 жылдың 3 маусымына дейін жалғасады.
Қазақстанда дәрігерлердің кәсіби қателігі үшін жаза жеңілдетілмек
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”