Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлердің кәсіби қателігі үшін жаза жеңілдетілмек

Қазақстанда дәрігерлерге кәсіби қателіктері үшін жазаны жеңілдетуі мүмкін. ҚР денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді қорғау мақсатында заң жобасын әзірлеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ бұл жеңілдік дәрігерлерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, деді денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният.

"Норма медицина қызметкерлерін зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Заңның кейбір нормалары жеңілдетілуде. Заң жобасы бір ай ішінде мәжіліске жіберіледі", – деді министр баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, заң жобасы мыналарды көздейді:

- қылмыстық нормаларды гуманизациялау, атап айтқанда, жазаны жеңілдету, соттың қарауы үшін бас бостандығын шектеуге балама енгізу арқылы бас бостандығынан айыру мерзімін қысқарту;

- медициналық қызметкерлерге кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау көрсетуге, олардың мәртебесін арттыруға қатысты нормалар – біржолғы ынталандыру төлемін төлей отырып, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағын белгілеу.


"Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 9 жылға артық өмір сүреді": Денсаулық сақтау министрі зейнет жасы туралы айтты

Талқылау