Қазақстанда ҰБТ өткізу мерзімі өзгерді

Қазақстанда соңғы қоңырау күнінің өзгеруіне байланысты ҰБТ күндері де ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізу мерзімінің өзгергенін хабарлады.
"Соңғы қоңырау күні өзгертілуіне байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу мерзімі де өзгертілді", – делінген ҰТО хабарламасында.
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы автоматты түрде жаңартылады. Тіркелгендерге хабарлама жіберіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда биылғы соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылды. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген