Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда вейп сатқандарға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ

Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда вейптерді заңсыз айналымға шығарғандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • вейп сатқаны үшін тағайындалатын ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкеліп әрі таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн - 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.


Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезінде міндетті түрде клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда вейп пен электронды темекінің айналымына тыйым салу туралы шешім шығаруды талап еткен. Ал мәжіліс депутаттары екінші оқылымда вейп таратуды реттейтін заң қабылдады. Құжат республикаға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастырады.

Талқылау