Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда вакцинаның қанша мөлшері жарамсыз болып қалды?

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда жарамсыз болып қалған вакциналар санын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат  агенттігі. 

вакцина

“Айта кетсек, 1 ақпаннан бастап вакцинация басталғалы бері екпелердің сақтау және тасымалдау мәселелеріне аса мән берудеміз. Мониторинг бойынша ақпаннан бастап 4,5 мың вакцинаның температуралық режимі дұрыс сақталмағаны анықталды. Сәйкесінше олар еесептен шығарылды. Ондай вакциналарды адамға егуге болмайды”, – деді ол.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов кейбір вакциналардың бағасын жариялаған болатын. Мәселен, "Sputnik V" вакцинасының бір дозасы 26 доллар (11 мың теңге) құрайды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қанша көлемде вакцина салынғанын айтты. 

"Бүгінгі күні вакцинаның 14,4 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде 1-компонентпен 7 766 146 адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 77,9 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 6 756 266 адам (67,8%) қамтылды. Бұл егілуге тиісті халықтың 67,8 пайызына тең. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтудың көшбасшылары: Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары", – деді Цой. 


Талқылау