Қазақстанда утильдік алым жинау уақытша тоқтатылды
"Жасыл Даму" АҚ "Опепатор РОП" ЖШС қатысты тексерулерге байланысты кәдеге жарату алымдарын қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жасыл Даму" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, құзыретті органдардың "Оператор РОП" ЖШС-ға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуіне, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру бойынша функцияларды бұрынғы оператордан "Жасыл Даму" басқармасына беру процесінің аяқталмауына байланысты мынадай қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылды:
- кәдеге жарату төлемдерін қабылдау;
- ЭТЖ/ВЭССХТ қабылдау;
- ескі техниканы кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін өтемақы төлеу;
- қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және қайта өңдеушілерді субсидиялау;
- Экологиялық кодексте көзделген басқа да түрлер.
"Өз тарапымыздан барлық ұйымдастырушылық және заңдық үдерістер аяқталғаннан кейін, "Жасыл Даму" АҚ серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық қолжеткізгеннен кейін барлық міндеттемелер орындалатынына сендіреміз. Мұны қазір бізге байланысты емес себептер бойынша жасау мүмкін емес", - делінген хабарламада.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”