Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда утиль алымының тарифтері төмендетіле ме – Өнеркәсіп министрлігі түсіндірді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанда кәдеге жарату алымына тарифтердің төмендеуі қаралмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"Қазір тарифтерді төмендету мәселесі қарастырылмайды. Сонымен қатар ведомство шетелдік автокөліктерді тіркеу кезінде төлемнің болуы сияқты шаралар техникалық регламентке сәйкес келмейтін көлік құралдарын әкелуді шектейді деді. Мұның бәрі отандық автокөлік өндірісін дамытуға қаражат жіберу мақсатында енгізілді", – деп түсіндірді министрлік.

Бұдан бөлек министрлік қабылданып жатқан шаралар отандық көлік құралдары өндірісіне және қалдықтарды басқару жөніндегі ішкі инфрақұрылымның бәсекеге қабілеттігін жақсартуға бағытталғанын айтты.

"Айтылған мәселелер тиісті мемлекеттік органдарды тарта отырып және қолында қажет құжаттамамен атаулы түрде шешілуге тиіс", – деп толықтырды ведомство өкілдері.



4 наурызда Астанадағы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ғимаратының жанында жиналған бастамашыл топ утиль алымы автоөнеркәсіп саласын дамыта алмағанын айтты.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" ЖШС-ні кәдеге жарату алымын жүзеге асыруға монополиялық құқығынан айыруды тапсырған еді. Ол мұны шет елдердегідей мемлекеттік ұйым жасауы керек екенін атап өтті. 2022 жылғы 19 қаңтарда "ӨКМ Операторы" утиль алымын жинау құқығынан айырылды. Бұл компанияны Әлия Назарбаевамен байланыстырады. Оператордың функциялары "Жасыл даму" АҚ-ға өтті.

Талқылау