Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі қайталанған жағдайда тараптар татуласа алмайды
Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін сотта тараптарды татуластыру рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов екінші мәрте зорлық-зомбылық жасалса, ерлі-зайыптылар татуласа алмайтынын мәлімдеді.
"Заңға қарсы әрекет қайта жасалған кездегі тараптардың татуласу құқығы алынып тасталады", – деп атап өтті ІІМ басшысы министрлер кабинетінің отырысында.
Сондай-ақ, ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
"Әкімшілік қамау мерзімі-10, 15, 20 тәулік болады. Қазір – 0-ден 10 тәулікке дейін. Бірнеше мәрте қайталағандар үшін 20-дан 25 тәулікке дейін ұлғаяды", – деді Марат Ахметжанов.
Аталған түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, президент әкімшілігінің қарауына енгізілді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”