Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда темекі бағасын он есеге дейін көтеру ұсынылды

Қоғам белсенділері дүкендер сөресіндегі темекі өнімдерін алып тастауды ұсынды. Қазір темекінің тәттілер секілді сатылымға түсуі дұрыс емес дейді олар. Белсенділер зиянды өнімді, әсіресе, балалардың алдына қоюдың қажеті жоқ деген сенімде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Ғалымдар темекі фильтірінің өмірге деген қаупін анықтады

Қазақстанда темекі шегетін әрбір оныншы адам жасөспірім көрінеді. Балалардың темекіге әуестігі 11 жасында басталды екен. Бұл мәселені шешу үшін қоғам белсенділері Ресей мен Беларусь елдерінен үлгі алайық дейді. Ол жақтағы дүкендерде темекі өнімдері көзге көрінбейтін жерде тұрады. Осыған ұқсас сұратылымды темекіге қарсымыз дегендер үкімет басышысы Асқар Маминге жолдаған. 

"Біз дүкен сөрелерінен темекіні алып тастау туралы бастама көтердік. Бұған заң тұрғысынан қарауымыз қажет. Азаматтар касса төңірегінде темекіні көрмесе, оның сатылымы азаяды. Бұған ұқсас тәжірибе жүргізілген болатын. Нәтижесінде бұл жағдай жасөспірімдер арасында темекі тұтынуды 20 пайызға дейін тқмендетті", - деді мәжіліс депутаты  Айқын Қоңыров. 

Депутаттың бұл сөзін белсенділер қолдап отыр. "Темекі түтіні жоқ Қазақстан үшін" атты коалицияның басшысы темекі өндірушілер әдейі өз өнімдерін сауда жақсы жүретін жерге қойып қойған дейді. Осылайша кәсіпкерлер өз бизнестерін дамытуда екен. Бұған қоса Жәмиля Садықова есімді қоғам белсендісі темекі бағасын 10 есе көтерсек, оның саудасы түседі деген пікір білдірді. 

"Темекі бағасы түк өзгермеді. Біздің елдегі темекі бағасы 1 доллардан аз. Темекі бағасы жөнінен біздің ел тоқсаныншы орында Нигериядан кейін тұрмыз. Сол себепті темекі акциздерін көтеруді ұсынамын. Сәйкесінше, бұл жағдай темекі өнімдерінің бағасы қымбаттауға алып келеді", - деді Жәмиля Садықова. 


 

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Ақпан, 2020 09:48
Талқылау