Қазақстанда телефон терроризмі ауыр қылмыс санатына жатқызылмақ
Елімізде телефон терроризмі ауыр қылмыс санатына жатқызылады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер ел ішінде ғана емес, шетелде де әрекет етеді. Интернет кеңістігінде анонимді хабарламалардың авторларына қатысты деректермен алмасу бойынша шет мемлекеттермен жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Бас прокуратурасының үйлестіруімен Будапешт конвенциясына ("Компьютерлік қылмыс туралы") қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жалған терроризм үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін "ауыр" санатқа жатқызу (жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру) мәселесін қарастырып жатыр", - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.
- Қазақстандықтарды телефон арқылы арбап жүрген алаяқтардың СаІІ орталығы Украинада анықталды
- Ең көп таралған алаяқтық әдіс-тәсілдер: Бұдан қалай сақтануға болады
Айта кетейік, бір жыл ішінде Қазақстанда жалған терроризм фактілері бойынша 181 қылмыстық іс қозғалып, 25 адам сотталған.