Қазақстанда телеарналар және радиостанциялар хабар таратуын тоқтатады
Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
"2025 жылғы 5 наурызда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс жүргізу кезінде Қазақстанның бүкіл аумағында теле-радио арналарды қайта тарату уақытша тоқтатылады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ақпаратта оператор үздіксіз және сапалы теле-радио хабар таратуын қамтамасыз ету мақсатында әр тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетіндігі атап өтілген.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты