Қазақстанда тегін беретін дәрі-дәрмектер тізімі қысқарады
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес, елімізде 32 ауруды емдеуге арналған 38 препарат тізімнен алынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
"Жоюға арналған" дәрілер тізімінде мына ауруларды емдеуге арналған препараттар бар:
- асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
- ауруханадан тыс пневмония;
- гастроэзофагальды рефлюкс ауруы;
- бас сүйек нервтерінің зақымдануы;
- жедел, созылмалы синусит;
- жедел, созылмалы кератит;
- көп формалы эритема;
- сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
- эндометриоз;
- несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары;
- гастрит және дуоденит;
- созылмалы панкреотит;
- холецистит;
- өт тас ауруы;
- мигрень.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтінін жеткізді. Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Мұғалімнің қысымынан көз жұмды деген Ясминаның соңғы хабарламалары жарияланды
Айтуынша, Ясмина жігітпен қарым-қатынасын тоқтатқанын, сөйлеспейтінін айтып, мұғалімнен үнемі кешірім сұрап келген
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді