Қазақстанда тәулігіне бес адам коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанда тәулігіне коронавирустың салдарынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4489 адам емделіп жатыр. Оның 333-і балалар. Ауруханаларда - 2 420 науқас, амбулаториялық деңгейде - 2069 науқас.
150 адамның жағдайы ауыр, 15-і өте ауыр, 22-і тыныс алу аппаратында, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда өткен тәулікте 442 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды