Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда танымал интернет-желісі бұғатталды

Қазақстанда Pinterest желісінің жұмысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

gbynthtcn

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал әлеуметтік желінің не үшін бұғатталғанына түсініктеме берді. 

"Pinterest сайтына қатысты айтарымыз, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 13 қаңтарындағы бұйрығына орай аталған интернет-ресурсты қолдануға шектеу қойылды. Бұған себеп - желі арқылы заңға қайшы интернет-казинолардың жарнамаларының таралуы. Pinterest.com сайтын бұғаттауға негіз болған барлық материалдар әлі алынбады, яғни заңбұзушылық әрекеттері түзетілмеді", - деді министрлік өкілдері. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері сайт тарапына бірнеше рет ескерту жолданғанын атап өтті. Бұған қоса, олар Pinterest-тің мобильді қосымшасы Қазақстанда жұмыс қалыпты жұмыс істеп тұрғаны жеткізді. 

Айта кетейік, Pinterest  - қолданушыларға суреттерді желіге жүктеуге, оларды тақырыптарына сәйкес жинақтарға енгізуге және басқа қолданушылармен бөлісуге мүмкіндік беретін әлеуметтік интернет желісі, фотохостингі. Бұл ресурс дизайнерлер арасында кеңінен танымал.

Дидар Халық
Жұма, 23 Сәуір, 2021 12:53
Талқылау