Қазақстанда су тасқынына байланысты 100 мың адам эвакуацияланды
12 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша су тасқынына байланысты жалпы саны 99 920 адам, оның ішінде 36 593 бала эвакуацияланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, уақытша орналастыру пункттерінде 6 566 адам, оның ішінде 3 194 бала бар.
"9 млн 089 мың м3 еріген қар суы сорылды, 1,6 млн-нан астам қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. 3 071 тұрғын үй мен 1 931 аула аумағынан су бұрылды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін су тасқыны кезінде жүргізуі қажет санитарлық алдын алу шаралары туралы жазған едік.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"