Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта студент жастарды қолдау шаралары жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Студенттерге арналған стипендиялар екі есеге, магистранттар мен докторанттарға - 1,5 есе артады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға көбейеді", - деді ол "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде.
Бұған дейін ол 2025 жылға дейін Қазақстанда білім гранттарының саны 50% өсетінін айтқан. Бұл 75 мыңға жуық азаматтың университеттерде ақысыз білім алатындығын білдіреді, деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазір студенттер - 26 186 теңге, магистранттар - 66 913 теңге, докторанттар - 150 000 теңге шәкіртақы алады.
Еске салсақ, Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасаған болатын.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты