Қазақстанда "СК-Фармация" базасында дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылады
Қазақстанда «СК-Фармация» ЖШС негізінде республикалық тұрақтандыру қоры құрылады. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"22 шілдеге дейін ай сайынғы қажеттілік мөлшеріндегі дәрі-дәрмектер медициналық ұйымға жіберіледі. "СК-Фармация" ЖШС негізінде республикалық тұрақтандыру қоры құрылады", - деді Цой.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында екі аптаның ішінде оң нәтижелерге қол жеткізілгені туралы жеткізді министр. Сонымен қатар, министр жағдайдың жақсарып келе жатқаны туралы мәлім еткен болатын.
"COVID-19 инфекциясының күн сайынғы өсуі 4-тен 2,1% -ға төмендеп, жазылғандар саны 60% -ға көбейді. Жедел жәрдем шақыру саны 23% азайды, уақытша төсек орындары 20% -ға, реанимация төсектері 6% -ға азайды", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ПТР тестілеу жасау үшін мал дәрігерлері жұмылдырылатыны белгілі болған.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"