Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір келісінің құны 10 доллар: Қазақстандық ғалымдар шегірткені аулап, шетелге сатуды ұсынды

Елімізде шегіртке енді шетелге экспортталуы мүмкін. Өйткені өзге мемлекеттерде дәл осы жәндік тағам ретінде сұранысқа ие екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Оңтүстік Америка мен Африка елдерінде шегірткені қымбат бағалайтын көрінеді. Сол үшін ғалымдар оны уламай, аулап, сатуды жөн деп санайды. Бірақ бұл амалды сынға алды.

Елімізде шегірткелерді жою үшін 2,5 миллион гектар аумаққа улау жүргізіледі. Бұл мемлекетке қомақты шығын келтіреді. Ғалымдар оларды улағанша, сатқан дұрыс деп санайды. Ақтөбеде де жәндікке тәжірибе де жасап көрген.

“Германия ғалымдарымен бірге Ақтөбенің 105 гектар аумағына тәжірибе жүргіздік. Онда екі әдісті қолдандық. бірі – биопестицид, екіншісі – дрондар арқылы. Екі тәсілді де қолдануға болады. Әрі шегірткені сатуды жаңа кәсіп көзі ретінде қарауға болады”, – деді ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов.

Шегірткенің құрамында ақуыз бен темір көп. Сол үшін оны мал азығына қосып пайдаланса болады дейді. Ал Тайландта шегірткенің келісі – 7-10 доллар (3223-4604 теңге). 

“Мұндайды өмірімізде көрмедік. Онда құрбақаны француздарға, ал қытайларға жыландарды берейік. Шегірткені жою қиын емес, мультиспектральды камерамен түсірілім жасайды да, шегірткенің орналасқан координатын анықтайды. Ал екінші дрон соны улайды”, – деді сарапшы Алмасбек Садырбай.

Десе де ғалымдар жаңа бастама үшін мемлекеттен қолдау күтіп отыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Жұманғарин Қазақстанда шегірткелердің қаптауы жайлы сөз қозғап, оларды тұтыну халал екенін айтқан еді. ҚМДБ бұл пікірге жауап берді. 

Талқылау