Қазақстанда серверге заңсыз кіріп, зиянды бағдарлама орнатқан хакер ұсталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан.
“Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
ҰҚК тінту барысында кибершабуыл кезінде қолданылған заттай айғақтар тәркілеген.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн