Қазақстанда ресейлік вакцинаны шығаратын зауыт салынады
Қазақстанда ресейлік вакцинаны шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет.
Мен Ресей президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап та кетті. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр. Парламенттің осы сессиядағы жұмысы аяқталғанға дейін депутаттардың қарауына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасын енгізу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?