Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылғы пітір садақа мөлшері жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттің қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды", - делінген ақпаратта.

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі өтті. Жиында наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын мәлімдеді. Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданған.

Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.


2022 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Айнұр Мұхади
Жұма, 25 Наурыз, 2022 13:47
Талқылау