Қазақстанда өзге елге ірі қара мен қой басын әкету бойынша квота енгізіледі
Қазақстаннан өзге елге ірі қара малы мен қой басын шығару мәселесінде арнайы квота енгізлмек. Бұл мөлшер алты айға жоспарланып бекітіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ауылшаруашылығы министрлігі ірі қара малы мен қой басын әкету мәселесін қоғамдық талқылауға шығарды. Жоба “АшықНҚА” порталында жарияланған. Құжатта үй жануарлары үшін шекті мөлшер бекітілген. Яғни ел аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге 6 ай мерзімге сандық шектеулер енгізіледі.
Мысалға 6 айда елден 60 000 ірі қара және 120 000 қой мен ешкі әкетуге болады. Егер бұл сандардан асып кетсе онда министрлік бірден жануарларды карантинге қоюды және ветеринариялық сертификаттар беруді бұғаттайды.
Сондай-ақ, құжатта карантинге қою мәселесіне де сандық шектеулер енгізіледі. Бұл да тура жоғарыдағыдай көрсеткіш бойынша реттеледі.
Ірі қара малы бойынша:
бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;
тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.
Ал қой басы үшін:
бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;
тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас қарастырылмақ.