Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Фото: Ақордадан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанынан Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіруді тапсырды. Осы мақсатта жарлықта:
- Президент жанынан Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылсын. Ол Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төраға орынбасары ретінде қоғамдық негізде жұмыс істейді.
-
Уәкіл отбасы құқықтарын қорғаумен және отбасылық құндылықтарды нығайтумен айналысады. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, отбасылардың жағдайын жақсартуға жұмыс істейтіні көрсетілген.
Президент жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелетінін жеткізді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған
Батыс Қазақстанда әлем чемпиондарын ешкім күтіп алмаған: Бапкер елге қайту үшін несие алған
Спортшылардың жарысқа баруына қажетті қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы өз қалтасынан төлеген