Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда онлайн сауданы салықтан босатпақ

Қазақстанның онлайн сауда алаңдары салықтан босатылуы мүмкін. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл сала керемет қарқынмен өсуде. Біз электронды коммерцияға кедергі келтірмеу үшін, тұтынушыларымызға тауарлардың сапалы жеткізілуіне көмектесуіміз керек. Қазақстанда 13 сандық сауда алаңы жұмыс істейді. Каспий, Чокофамили, Технодом, Мечта және басқалары. Оларды қолдау үшін корпоративті және жеке табыс салығынан қосымша босату мәселесі пысықталуда. Ұлттық банкпен бірлесіп біз төлем жүйелері арқылы электронды сауданы дамытуды ынталандыру мәселелерін пысықтап жатырмыз", - деді Сұлтанов.

Оның айтуынша, егер былтырғы жылы Қазақстанда электронды нарықтың көлемі 700 миллиардтан астам теңгені құраса, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана онлайн-сауда көлемі 432 миллиард теңгені құрады. Осы жылдың аяғына дейін ол бұл көлемнің 900 млрд теңгеге дейін өсуін күтілуде.

"Электрондық коммерция бөлшек сауданы, әсіресе халықаралық деңгейлерді едәуір жеңілдетеді және тездетеді. Біздің кәсіпкерлердің ғаламдық электронды сауда платформаларына үйренуіне көмектесу үшін сауда министрлігі Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries компанияларымен келіссөздер жүргізуде", - деп толықтырды Сауда министрі.

Талқылау