Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салуды талап ететін петиция пайда болды
Еpetition.kz сайтында "Хақ-Назар" қоғамдық қорының онлайн несиеге тыйым салу жөніндегі петициясы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петиция авторларының айтуынша, қазақстандықтар қаржылық қызметтерді цифрландырудың бұл түріне дайын емес.
“Онлайн несиелерді қолжетімді ету халықтың осал топтары арасында қарыздық жүктеменің артуына және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен түсініксіз шарттар адамдарды қарызға батырады. Одан бөдек алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қылмыстардың көбеюіне әсер етті”, – делінген үндеуде.
Сондай-ақ олар әскери қызмет жағдайында онлайн несиелер мәжбүрлеу және қаржылық зорлық-зомбылық құралына айналғанын атап өтті.
Авторлар онлайн несие беруге тыйым салуды ғана емес, сонымен қатар шағын несие беру саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейтуді талап етеді. Петицияға әлі ешкім қол қойған жоқ.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін