Қазақстанда өнер адамдары неге салық төлемейтіні белгілі болды
ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев онлайн-брифинг барысында өнер адамдардың қаражат табу мәселесіне қатысты тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі арқылы өзіне жарнама жасап, тойдан қаржы табатын өнер адамдарына қатысты журналистің сұрағына Сұлтанғазиев жауап берді. Оның сөзінше, кәсіпкерліктің бұл түріне табыс салығын салу қарастырылмаған.
"Салық төлеу үшін алдымен салықтық тіркеуге тұру керек. Біз тіркеуге тұрғызу бойынша жұмыс жүргіземіз, хаттама беріп, тіркеуге қоямыз. Бірақ қазір микробизнес болғаннан кейін табыс салығынан толығымен босатылған", - дейі ол.
Осылайша, микробизнес иелеріне табыс салығы салынбайтыны анықталды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған