БҚО-да аспаннан ерекше құбылыс байқалды
Желіде Оралдан 30 шақырым жердегі ерекше аспан көрінісінің кадрлары пайда болды. Оны астрофотограф Андрей Тюшин бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл құбылыс полярлық шұғыла деп аталады.
"Полярлық шұғыла туралы айтқанда, біз бірден бұл құбылыс тек Исландия, Финляндия, Ресейдің солтүстігінде орналасқан жерлерде болады деп ойлаймыз. Қазақстанда мұндай құбылыстар болмайтындай көрінеді. Маған бүгін кешке Оралдан (БҚО) оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде болу бақыты бұйырды.Тіпті қазақ даласынан нағыз ерекше құбылыс поляр шұғыасын көрдім", - деп жазады астрофотограф.
Оның айтуынша, сәуірдің 23-інен 24-іне қараған түні жер бетінде үлкен магниттік дауыл болып, аспаннан ұшқыр сәулелер пайда болған.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"