Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды алып жүретін жолаушыларға пойыз билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік жасалмақ
Көлік министрлігі жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынып, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың ертіп жүрушілерге арналған жеңілдіктерді кеңейтпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды ертіп жүрушілер теміржол билеттеріне 50%-дық жеңілдік ала алады.
Сонымен қатар пойызға отырғанда медициналық анықтамаларды көрсету талаптары да жойылмақ. Енді бұл ақпарат арнайы деректер базасы арқылы автоматты түрде тексеріліп, процессті жеңілдетеді.
Жаңа ережелер 2025 жылдың екінші жартыжылдығында енгізіледі деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеуметтік маңызы бар бағыттарда 50% жеңілдік қолданысқа енгізілген.
Сондай-ақ биылғы жылы вокзалдар мен перрондарда пандустар орнатылып, арнайы көтергіш құрылғылар енгізіліп, тактильді бағыттау жолақтары жасалады.
"101 раушан, көлік, телефон мен жеке мобилограф": Түлектердің бітіру кешінде алған қымбат сыйлықтары қазақстандықтардың талқысына түсті
Тұрғын: “Гүл беруден жарыс па? Жұрттан қалмасын деп, қарыз алып та жатқан шығар”
Артында аяғы ауыр әйелі қалды: Алматыда жоғалып, денесі табылған 25 жастағы Ерзаттың туыстары күмәнді жайттарды айтты
Ерзаттың телефонындағы 19 мамыр күнгі қоңыраулардың бәрі кодталған