Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мобильді операторлардың бірінің нарықтағы үлесі төмендетіледі

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Смайылов

Отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары қаралды.

Байланыс нарығын демонополизациялау жөніндегі қадамдар аясында ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірінің үлесін төмендету туралы ұсыныс айтылды.



Премьер-министр аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "Қазақтелеком" компаниялар тобын демонополизациялауды ұсынған еді. 

"Қазақтелеком" АҚ-ға тауарларды цифрлық таңбалау нарығының 100% үлесі, фискалдық деректер операторлары нарығында 78%, Деректерді өңдеу орталықтары нарығында 55%, ақылы теледидар қызметтері нарығында 33% үлес, барлық радиожиіліктердің 75% тиесілі", – деді Мусин. 

Талқылау