Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынбақ
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарын ойнауына тыйым салу мәселесі қарастырылуда.
"Осы заң жобасы аясында біз мемлекеттік қызметкерлерге казинода құмар ойындарын ойнауға тыйым салу туралы ережені қарастырып жатырмыз. Мұндай түзету бар. Бірақ букмекерлік кеңселер туралы әзірге ортақ пікір жоқ. Әлі жоспарланып жатыр, бірақ әзірше айта алмаймыз", – деді депутат.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 400 млн теңге жымқырып, құмар ойынға салған мектеп есепшісі сотталғаны туралы жазған едік.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"