Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа талабы енгізіледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер жуырда жасанды интеллект саласындағы білімсіз жұмыс істей алмайтын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары, жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев жаңа талаптардың қалай енгізілетіні туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанда мемлекеттік сектор қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде бұл курстар шамамен 50 мың мемлекеттік қызметкерді қамтыған.
Қазақстанда ChatGPT-ді мемлекеттік қызметте қолдануға рұқсат берілді
“Уақыт өте келе жасанды интеллект бойынша курстар міндетті болады. Егер адам оқудан өтпесе немесе қажетті дағдыларға ие болмаса, мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Бұл – дұрыс әдіс: әлем өзгеріп жатыр, ал мемлекеттік қызмет білікті, тиімді болып, бюрократиямен күресуі тиіс”, – деді Мәдиев.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді мемлекеттік мекемелердің басшылары кәсіпкерлікпен айналыса алатыны туралы жазған едік.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді